Ауру малдардың көзі жойылып жатыр

Бүгiн, 18:55
148
Бөлісу:
Ауру малдардың көзі жойылып жатыр
Фото: gov.kz

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының 3 ауылында эпизоотиялық лимфангит тіркеліп, 2 жыл ішінде 300-ден астам жылқы қырылғаны жайлы ақпарат айтылған еді. Қазіргі уақытта ауылдағы жағдайды білу үшін мамандарға хабарласып мән-жайды білген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бухар Жырау ауданының  Үміткер округінде жылқы малынан эпизоотиялық лимфангиті анықталып, ауыл карантинге жабылды. Комиссия шешімімен ауырған жылқылар қан шығармау әдісімен жойылатын болды. Жойылған жылқыға өтемақы статистика басқармасының ауыл шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің бағасы туралы айлық мәліметіне сәйкес жүргізіледі,-дейді Бұхар Жырау ауданың бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторы Жанар Нагуметова.

Оның айтуынша, басқа ауылдарда жағдай тұрақты, ауырған мал жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында жылқылар қырылып жатқаны туралы дабарлаған болатынбыз:

Өзгелердің жаңалығы