Аумақтық сайлау комиссиялары басшылары үшін семинар өткізілді

7 Желтоқсан 2022, 15:10
1014
Бөлісу:
Аумақтық сайлау комиссиялары басшылары үшін семинар өткізілді
Фото: автордан

Бүгін Астанада орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен сайлау жүйесін дамыту мақсатында семинар өткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Семинарға еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық адам қатысуда. Семинардың негізгі мақсаты: сайлау заңнамасы және оны сайлау процесінде қолдану тәжірибесі бойынша теориялық және қолданбалы білімдерін кеңейту арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Аталмыш семинар барысында бірнеше оқу блоктары арқылы спикерлер сөз сөйледі. Оның біріншісі – 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу бойынша сайлау комиссияларының жұмысының қорытындылары,сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, әсіресе аралас және мажоритарлық сайлау жүйелерінің енгізілуін, әлеуметтік желілердегі сайлауалды үгіт, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды сайлауды байқау үшін аккредиттеу, сондай-ақ сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, коммуникациялық әдістер мен сайлау комиссиялары мүшелерінің саяси партиялармен, масс-медиа өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да сайлау процесінің қатысушыларымен өзара қарым-қатынас машықтарын дамыту бойынша тренингтер өткізілді.

Аумақтық сайлау комиссиялары басшылары үшін семинар өткізілді

Семинарға Атырау облысының сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов маңыздылығын айтты.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістер ішінде аймақта мәслихат депуттарын сайлау, орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің өкілеттіліктерін жақсарту міндеттері тұр.Осы мақсатта бүгінгі семинарға қатысып, көптеген сұрақтарға жауап алып отырмыз, – деді ол.

Аумақтық сайлау комиссиялары басшылары үшін семинар өткізілді
Өзгелердің жаңалығы