Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде 108 тұрғын үй мен ғимарат жанып кетті

4 Қыркүйек 2022, 10:45
2369
Бөлісу:
Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде 108 тұрғын үй мен ғимарат жанып кетті

Орман өртінің салдарынан Аманқарағай ауылында 98, Озерное ауылында 9 , Лесное ауылында 1 баспана толығымен жанып кетті деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Абырой болғанда өрт сөндірушілер Аманқарағай мен Леснойдағы жанармай құю базаларындағы өртті дер кезінде ауыздықтаған. Құтқарушылардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында сол жердегі бензин мен дизель отынының мол қоры сақталатын қоймаларды аман алып қалды.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Қостанай облысының Әулиекөл ауданының аумағында 28 градусқа дейін жоғары температура сақталмақ. Ал, желдің жылдамдығы 9 м/с дейін жетеді. Таңғы сағат жетідегі мәлімет бойынша, Аманқарағай және Озерное ауылдарының тұрғын үйлеріндегі өрт ауыздықталып, өрттің жекелеген ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргіп жатыр. Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында  адам шығыны тіркелген жоқ, -  деп хабарлады Қостанай облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Сондай-ақ, жаңа ғана белгілі болғандай бүгін таңертең Қостанай облысындағы өртті сөндіруге Алматыдан тағы өрт сөндіруге арналған екі тікұшақ көмекке келіпті.

Қарабалық ауданы Боскөл ауылынан 7 шақырым жерде, «Михайлов» орман шаруашылығына қарасты аумақта құрғақ шөп пен орман қоршауы отқа оранған. Қазір бұл жердегі өрттің  алаңы анықталып жатыр. 2 қыркүйекте сағат 03:50 шамасында Ұзынкөл ауданында Сибирка ауылынан 15 шақырым жерде тағы бір өрт болды. Қызыл жалын жалмап кеткен жердің аумағы17,9 г. Бұл өрт облыс аумағындағы соңғы күндердегі ыстық ауа темпаратурасы мен тоқтамай соғып тұрған қатты жердің кесерінен  көршілес жатқан РФ Қорған облысының аумағына ойысты. Қазір ол жақтада өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, – дейді Қостанай облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Өрт кезінде Әулиекөл ауданында барылығы 1841 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жергілікті атқарушы органдар көшірілген тұрғындарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырған. Әулиекөл ауданындағы орман өртінің ауданы 43 мың гектарға жеткен. Өрт әлі ауыздықталған жоқ.
 

Өзгелердің жаңалығы