Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша карантин жағдайындағы қауіптерді азайту мақсатында карантин кезеңінде балалар алаңдарына, бау-бақша (саяжай) учаскелеріне бару шарттары регламенттелді.
Құжатқа сәйкес, халықтың балалар алаңдары мен аулаларға қолжетімділігі сағат 05:00-ден 21:00-ге дейін рұқсат етілген. Балалар алаңдары мен аулалар аумағына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Барлық қолжетімді жерлерде, ең алдымен хабарландыру тақталарында карантиндік тәртіпті сақтау шеңберінде талап етілетін жеке және заңды тұлғалар үшін шектеулердің барлық түрлері туралы ескертпелер орналастырылады.Алматы қаласының тұрғындары балалар алаңдары мен аулаларға, бау-бақша (саяжай) учаскелеріне барған кезде 2 метрден кем емес аралықта әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет. Отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан астам адамның жиналуына тыйым салынып, басқа тұрғындармен дене байланысын барынша болдырмауға, өзімен бірге жеке қорғану құралдарын алып жүруге және кию ережелерін сақтау талап етіледі, - делінген хабарламада.
Өз кезегінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлері енгізілген шараларды орындау бойынша көшелерді, аула алаңдары мен жалпы пайдалану орындарын тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді.