Астана қаласының Алматы ауданы 2025 жылы қалалық ортаны дамыту, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Абаттандыру, көгалдандыру, көше-жол инфрақұрылымы, жарықтандыру, санитарлық тазалық пен әлеуметтік нысандарды дамыту – осының барлығы ауданның даму жолын айқындап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінде 231 мыңға жуық тұрғыны бар ауданның бір жылда атқарған жұмысы көзге айқын көрініп тұр.
Аумағы 8 518 гектарды құрайтын аудан – инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерге түсетін жүктеменің де жүгін көтеріп отыр.
Аулаларды жаңарту: тұрғындарға ең жақын өзгеріс

Алматы ауданы әкімінің кеңесшісі Аяна Қанатқызы ұсынған мәліметке сәйкес, ауданда қазіргі уақытта 324 аула бар. Оның 200-ден астамы соңғы жылдары жөндеуді қажет еткен. 2025 жылы 122 аула толық немесе ішінара абаттандырылды.
Жұмыстар бірнеше бағытта жүргізілді:
71 аула – жоспарлы түрде,
51 аула – тұрғындардың тікелей өтініші бойынша,
28 аула – жеке кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерінің қолдауымен жаңартылды.
Аула аумақтарында балалар ойын алаңдары, демалыс аймақтары, кіші сәулеттік нысандар, жаяу жүргінші жолдары қалпына келтіріліп, кей жерлерде толық жаңартылды. Бұл өзгерістер тұрғындардың күнделікті өміріне ең алдымен әсер еткен бағыттардың бірі болды.
Саябақтар мен скверлер: толық қайта жаңғырту

Ауданда орналасқан 5 саябақ пен 45 сквер мен қоғамдық кеңістік биыл толық қамтылды.
2025 жылы олардың барлығында:
ағаштарды санитарлық қалыпқа келтіру,
тротуарлар мен төсемтастарды жаңарту,
орындықтар мен кіші сәулеттік нысандарды жөндеу,
жарықтандыру тіректері мен шамдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Ұзақ уақыт бойы жабық тұрған екі стационарлық қоғамдық дәретхана қайта іске қосылды. Абылай хан даңғылы бойындағы орындықтар толық жөнделіп, кей учаскелерде қосымша жарық көздері орнатылды, - дейді Аяна Қанатқызы.
15 қоғамдық кеңістік – жаңа кейіпте
Биыл 15 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Олар тұрғындардың ең көп жүретін әрі сұраныс жоғары аймақтарда орналасқан.
Олардың қатарында:
«Оңтүстік-Шығыс» пен «Теміржолшылар» аумақтары,
Есіл өзенінің жағалауы,
Триатлон паркі,
«Күйшілер» аллеясы,
мектептер мен әлеуметтік нысандар маңы бар.
Аталған кеңістіктердің үшеуі жеке бизнес қаражаты есебінен жаңартылды. Бұл – мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестіктің нақты көрінісі.
Триатлон паркі: спорт пен қала өмірінің тоғысы
.jpeg)
Триатлон паркінің көпір астындағы қоғамдық кеңістігі биыл ерекше назарға алынды.
Мұнда:
ашық аспан астында спортпен айналысуға арналған жағдай жасалды,
фитнес-клуб деңгейіндегі заманауи тренажерлер орнатылды,
жабдықтардың бір бөлігі жеке инвесторлар есебінен сатып алынды.
Осылайша, бұл аймақ Қазақстанда баламасы жоқ қоғамдық кеңістікке айналып, тұрғындар үшін жаңа тартылыс нүктесін қалыптастырды.
Жол қауіпсіздігі: жүйелі түзету
Аудандағы жол қауіпсіздігі де назардан тыс қалмады.
2025 жылы аудан аумағында:
513-тен астам жол белгісі орнатылды,
жол таңбалары жаңартылды,
жасанды жол кедергілері қойылды.
Сонымен қатар:
жол таңбасы жоқ 30-дан астам жаяу жүргінші өткелі анықталды,
мердігер ұйымдар тарту арқылы жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық кемшілік жойылды.
Бұл әсіресе, мектептер мен балабақшалар маңындағы қауіпсіздікке тікелей әсер етті, - дейді аудан әкімінің кеңесшісі.
Көшелер мен тротуарлар: қолжетімді қозғалыс
Ауданда:
74 көшеде шұңқыр жөндеу жүргізілді,
42 ішкі квартал аумағы ретке келтірілді,
бұрын топырақ болған 4 көше асфальтталды.
Жалпы жөндеу аумағы 14,7 мың шаршы метрді құрады.
Сонымен қатар:
19 учаскеде жаңа тротуар салынды,
Майдақоңыр мен Балқантау көшелерінде 2,5 шақырым жаяу жүргінші жолы пайда болды.
Көгалдандыру: жасыл ауданға қадам
.jpeg)
Биыл аудан аумағында 11 394 ағаш отырғызылды.
Оның ішінде:
әкімдік есебінен – 7 283 ағаш,
әлеуметтік мекемелерге – 2 000 көшет,
өтемдік отырғызу аясында – бірнеше жүз ағаш.
Келесі жылы көгал алаңдарын кеңейту және альпілік төбешіктер орнату жоспарланған.
Суару мен жарықтандыру: инфрақұрылым күшейді
6 автоматты суару жүйесі қалпына келтірілді,
2 жаңа жүйе орнатылды,
суарылатын аумақ 600 мың шаршы метрге жетті.
Жарықтандыру бойынша:
биыл 6 031 жарықтандыру тірегі орнатылды,
бұл көрсеткіш алдыңғы жылдардан 5 есе жоғары,
бұрын жарық болмаған 15 км аумақ қамтылды.
Мектептер мен қауіпсіз орта
2025 жылы ауданда №114 және №116 жайлы мектептер ашылды.
Мектептер маңында:
қауіпсіз жаяу өткелдер,
айналма жолдар,
жаңа аялдама және жылы аялдама орнатылды.
Санитариялық тазалық және қысқа дайындық
Ауданда:
21 мердігер ұйым жұмыс істейді,
500-ден астам техника тартылған,
51 контейнер алаңы жөнделді,
қысқы маусымға дайындық 100% қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар мердігерлер өздері бүлдірген абаттандыру элементтерін көктемде өз есебінен қалпына келтіруге міндеттелді.
Алматы ауданында 2025 жылы жүргізілген жұмыстар қала кеңістігін кезең-кезеңімен жаңартуға бағытталған жүйелі саясаттың нақты нәтижесін көрсетті. Нақтырақ айтқанда, өзгеріс көзге көрінеді бастады. Аулалар, саябақтар, көшелер, жарық пен жасыл желек – барлығы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға жұмыс істеп тұр, - дейді Алматы ауданы әкімінің кеңесшісі Аяна Қанатқызы.
Бұл – бір жылдық науқан емес, ауданның ұзақ мерзімді дамуына негізделген бағыт.