Астана, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 4 жылда тұтынушылық нарықта сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы саны 30%-дан 14,1%-ға дейін төмендеген.
«Өнім қауіпсіздігінің ай сайынғы мониторингі шеңберінде 2018 жылы өнімнің 70 мыңға жуық сынамасы сатып алумен қамтылды, олардың жалпы санының ішінде зертханалық сараптама қорытындылары бойынша 9,7 мың техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейді, оның ішінде өндірушілердің таңбалау қағидаларын сақтамауы – 69%, қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес болуы – 23,5%, сондай-ақ физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес емес болуы – 7,2% құрайды», - деді Біртанов.Министр Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті қауіпті өнімдермен қатар сапасыз өнімдерді де анықтайтынын атап өтті. Өнімдердің қауіпсіздігі мониторингінің қорытындысы бойынша сәйкес келмейтін өнімнің негізгі бөлігі, яғни 66%-ы импорттық өнім, ал 34%-ы отандық өндірушілердің өнімі.
Оның айтуынша, өнімдердің қауіпсіздігіне мониторингті талдау нәтижесі қауіпсіздік пен сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін өнімнің басым бөлігі өрескел бұзушылықтарымен берілген сәйкестік сертификаттарымен елімізге әкелінетінін көрсеткен. Осылайша, министрлік бір жылдың ішінде 6,3 мыңға жуық «жалған сертификатты» анықтаған. Оның 3,5 мыңын Ресей Федерациясының, 2,7 мыңын Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау жөніндегі органдары берген.