Қауіп тобындағы барлық пациенттер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі – фармаколог

1 Қыркүйек 2020, 19:55
1282
Бөлісу:
Қауіп тобындағы барлық пациенттер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі – фармаколог

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы №4 қалалық емхананың клиникалық фармакологы Әйгерім Тоқтыбаева онлайн брифинг барысында айтты.

2020 жылғы 1 қыркүйекке Алматы қаласының № 4 қалалық емханасының тіркелген халқы 85 437 пациентті құрайды. Оның ішінде диспансерлік есепте 17 060 пациент 45 нозология бойынша тұр. 
Пандемия кезінде біздің емхана 338 273 364 тг сомасына 68 нозология бойынша 10 140 пациентті дәрілік заттармен қамтамасыз етті. Бұл топқа 0-ден 96 жасқа дейінгі науқастар кіреді. Белгілі бір аурулары бар диспансерлік есепте тұрған пациенттер, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес, тегін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі, - деп атап өтті Ә.Тоқтыбаева.
Белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттары амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдіктегі дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясына байланысты амбулаториялық деңгейде тегін берілетін бес атау бойынша препараттардың тізімі анықталды. Олардың арасында антипиретикалық және антикоагулянттық препараттар бар.
Олардың ішінде үш антикоагулянттық препарат-апиксабан, ривароксабан, дабигатран және антипиретиктер – парацетамол, ибупрофен. Бұл препараттардың барлық атаулары коронавирус инфекциясы бар адамдарға тегін беріледі, - деп түсіндірді Ә.Тоқтыбаева.

Өзгелердің жаңалығы