Ауғанстанның вице-президенті өзін елдің уақытша басшысы деп жариялады

17 Тамыз 2021, 21:35
4037
Бөлісу:
Ауғанстанның вице-президенті өзін елдің уақытша басшысы деп жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех президент жоқ кезде уақытша мемлекет басшысы қызметін атқаратынын мәлімдеді.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Ауғанстанның Конституциясына сәйкес, президент қайтыс болған кезде, отставкаға берген кезде, қашып кеткен кезде уақытша президент болып елдің бірінші вице-министрі тағайындалады. Қазір мен өз елімдемін және заңды түрде уақытша президенті болып саналамын. Қолдау мен келісімге ие болу үшін барлық лидермен байланысып жатырмын, - деп жазды Салех Twitter-індегі парақшасында.

Ол отандастарын Талибанға қарсы тұруға шақырды.

АҚШ пен Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымына қарағанда біз рухымызды түсірмедік және алда бізді үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Пайдасы жоқ ескертулер аяқталды. Тойтарыс беру үшін бірігіңіздер, - деді ол.

Айта кетейік, бірнеше апта бұрын Ауғанстаннан америкалық контингенттің шығарылуы аясында республикадағы ахуал шиеленісіп кетті. Тәліптер ірі қалаларды шабуылдады. Ал жексенбі күні Кабулды толығымен басып алып, елдегі билікке қол жеткізді. Елдің бұрынғы президенті Ашраф Гани елден бой тасалады.

Өзгелердің жаңалығы