Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауғанстаннан жеткізілген жолаушылардың ПТР тестінің нәтижелері белгілі болды

24 Тамыз 2021, 12:21
3495
Бөлісу:

Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Ауғанстаннан жеткізілген жолаушылар ПТР тестін өткізді ме? Жалпы ауған жерінен қанша адам  келді. Бұл сұрақтарға Алматы әкімдігі жауап берді. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, тамыздың 19 күні Кабулдан 2 рейс ұшып келген. Бірінші рейспен Қазақстанның 26 азаматы келген, оның алтауы бала. Сондай-ақ көрші Қырғыз елінің 15 азаматы ұшып келген, олар әуежайдан бірден еліне аттанған. 

27 Қазақстан азаматы «Shera Inn» қонақүйіне орналастырылды. Екінші рейспен БҰҰ-ның 135 дипломатиялық миссиясы келді. Олардың ішінде Ауғанстан азаматтары жоқ. Бұл азаматтар  «Rixos» қонақ үйіне орналастырылды,-деп жауап берді әкімдік. 

Тамыздың 22 күні қалаға Кабулдан БҰҰ-ның тағы 108 дипломаты жеткізілген. Олар «Интерконтиненталь» қонақүйіне орналстырылған. 

Ауғанстаннан келгендердің барлығын Ұлттық сараптама орталығының мамандары коронавирусқа қарсы тексеріп,  ПТР тестін алды. Жолаушылардың ешқайсысынан оң нәтиже анықтадмады,-деді әкімдіктегілер.
Өзгелердің жаңалығы