Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көңіл айту мәтінін Қазақстан президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның Газни қаласындағы орын алған террористік актіге байланысты ел президентіне және ауған халқына көңіл айтты.
«Ауғанстан президенті Гани мырзаға және ауған халқына көптеген адамдардың өліміне әкеп соққан Газни қаласындағы террорлық актіге байланысты көңіл айтамын», - делінген президенттің Twitter-дегі парақшасында.