Ауғанстанда әйелдерге бір-бірімен әңгімелесуге тыйым салынды

Бүгiн, 00:27
481
Бөлісу:
Ауғанстанда әйелдерге бір-бірімен әңгімелесуге тыйым салынды
Фото: BILD

"Талибан" қозғалысының министрі Халид Ханафи әйелдерге ерлермен ғана емес, әйелдермен де сөйлесуге тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ кәмелетке толған әйелдер өзге әйелдердің оның дауысын естуіне тыйым салынып отыр. Осылайша, әйелдер өзге әйелдер бар жерде Құранды дауыстап оқуларына болмайды.

BILD басылымының мәліметіне сүйенсек, тәліптер 2021 жылы тамызда Ауғанстан билігіне келгеннен бастап елде әйелдерге білім алуға, ерлерсіз саяхаттауға және көпшіліктің көзінше ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған еді. Сонымен қатар саябаққа баруға, өзен-көлде шомылуға және спорттың кез келген түрімен айналысуға болмайды. Сұлулық салондарының есіктері де тарс жабылды. Әйелдерге арналған мекемелер жабылып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою туралы заң күшін жойды. Әйелдерді ұрып-соғу көбейіп, «исламға сай емес мінез-құлқы» үшін түрмеге жаба бастады.

Бұған дейін тәліптер әйелдерге қоғамдық орындарда дауысын шығарып сөйлеуге тыйым салған болатын. Оған жауап ретінде ауғандық әйелдер ән сала бастады – әлеуметтік желілерде олар наразылық пен келіспеушіліктің белгісі ретінде ән салған тренд пайда болды.

Айта кетерлігі, БҰҰ Ауғанстандағы әйелдерге қатысты барлық тыйымдарды алып тастауды талап етті.

Өзгелердің жаңалығы