Ауғанстан болашағына қатысты шешімді өзі шығаруы керек – Байден

9 Шілде 2021, 15:45
2244
Бөлісу:
Ауғанстан болашағына қатысты шешімді өзі шығаруы керек – Байден

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден әскерилердің Ауғанстан аумағынан шығару жөніндегі шешімін түсіндірді, деп жазды Reuters.

Ақ үйдегі отырыста Байден ауған халқы соңы көрінбейтін соғыста америкалық әскерилердің тағы бір легін құрбандыққа шалмай, өз болашақтарын өздері шешуі керек деді.

Президент 31 тамызға дейін Ауғанстан аумағынан Кабулдағы АҚШ елшілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 650 әскериден өзге барлық күштің шығарылатынын жариялады.

Байденнің айтуынша, АҚШ 2001 жылы елге кіргендегі басты мақсатына жетті, «Аль-Каида» жауынгерлерінің жолын кесіп, АҚШ-қа 11 қыркүйектің 2001 жылы жасалған терракт сияқты шабуылдың алдын кесті. Ол шабуыл ұйымдастырушысы Усама бен Ладен 2011 жылы америкалық әскери топтың қолынан қаза тапқанын атап өтті.

Біз сол мақсатқа жеттік. Біз Ауғанстанға ұлттық құрылыс үшін бармадық. Және өз болашақтарына қатысты шешімді қабылдау тек ауған халқының құқығы мен жауапкершілігі, - деді Байден.

Сонымен қатар Байден өзге елдерді Ауғанстанда соғыс жүргізіп жатқан тараптар арасындағы саяси шиеленісті шешуге шақырды. Бұған дейін АҚШ Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан тоғыз мың ауғаныстандық паналатуды сұраған болатын.

Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі
Хамдулла Мохиб Вашингтон елден әскерилерін шығарғаннан кейін Ауғанстан Орталық Азия аумағында әскери базалар құрмайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы