Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әуежайда екі жолаушылар ұшағы соқтығысты

2 Қазан 2025, 10:02
970
Бөлісу:
 abcnews.go.com
Фото: abcnews.go.com

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Ла-Гуардия әуежайында екі жолаушылар ұшағы соқтығысып, бір адам зардап шекті. Оқиға барысында бір ұшақтың қанаты жұлынып кеткен. Бұл туралы 2 қазанда CBS News тілшісі Крис ван Клив әлеуметтік желі X (бұрынғы Twitter) парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, ұшақтардың бірі қонғаннан кейін қақпаға қарай бет алып бара жатқан сәтте, оған басқа әуе кемесі соғылған.

CBS News продюсері Джоуи Аннунциато DL5714 рейсіндегі ұшақта болған. Оның сөзінше, олар қонған соң қақпаға қарай бет алып келе жатқанда, екінші бір Delta аймақтық ұшағы келіп соққан, - деді Крис ван Клив.

Әуежайда екі жолаушылар ұшағы соқтығысты
Фото: abcnews.go.com

Алдын ала мәлімет бойынша, соқтығысу салдарынан ұшақтардың бірінің қанаты жұлынып кеткен. ABC News дерегінше, апаттан бір адам зардап шеккен.

Өзгелердің жаңалығы