Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті

Әуежайдан күтіп алған Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзара сұхбат құрды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 Ақорда 28 Шілде 2025 2025, 23:29
28 Шілде 2025 2025, 23:29
833
Фото: Ақорда

Әуежайдан күтіп алған Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзара сұхбат құрды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ертең, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.

Наверх