Әуекомпания шұғыл түрде қонған ұшаққа қатысты түсініктеме берді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. FlyArystan әуе компаниясы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы ұшақтың Алматыда шұғыл түрде қонуына&nbsp;қатысты түсініктеме берді.</h4>

 19 Ақпан 2021 2021, 16:25
19 Ақпан 2021 2021, 16:25
1816

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. FlyArystan әуе компаниясы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы ұшақтың Алматыда шұғыл түрде қонуына қатысты түсініктеме берді.

FlyArystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы КС7325 рейсі 19 ақпанда сағат 08:55-те қолайсыз ауа райына байланысты (қатты жел) қосалқы әуежайға қонуға мәжбүр болды. Ұшақ Алматы әуежайына штаттық режимде қонды. Сағат 10:30-да рейс Алматыдан ұшып шығып, сағат 11:49-да Шымкент әуежайына қонды, - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы ұшақ шұғыл түрде Алматыға қонғаны хабарланған болатын.



Наверх