Аударылған батут екі қызды трамвай рельстеріне лақтырып жіберді

30 Мамыр 2021, 18:45
9596
Бөлісу:
Аударылған батут екі қызды трамвай рельстеріне лақтырып жіберді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тергеушілер Барнаулда балалар ойнап жүрген батуттың аударылып кетуіне қатысты оқыс оқиғаның мән-жайын тексеруде.

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Алтай өңірі бойынша ТБ ТК басшысының аға көмекшісі Людмила Рязанцева хабарлады.

Әлеуметтік желілердегі жергілікті пабликтердің деректері бойынша оқыс оқиға Докучаево ауданында сауда үйінің жанында болған. Оқыс оқиға салдарынан екі қызды трамвай рельстеріне лақтырып жіберген. 

Қазір қыздар ауруханаға жатқызылды. Алтай өңірі бойынша тергеу комитеті атап өткендей, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтерді көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды.


30 мамырда Барнаул қаласының сауда үйлерінің бірінің қасында ішінде балалар ойнап жүрген батут аударылып кетті. Салдарынан екі бала түрлі жарақат алды. Аталған дерек бойынша Ресейдің Алтай өңірі бойынша ТБ ТК тергеу қызметкерлері РФ ҚК 238-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккендер саны, денсаулығына келтірілген зиянының дәрежесі анықталуда, - делінген хабарламада. 

Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Қазір балалар ауруханада. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде. Тергеу аясында оқыс оқиғаның себебі, оған жауапты кінәлілер анықталады, - деп атап өтті тергеушілер.

Өзгелердің жаңалығы