Аударспақтан жастар чемпионаты аяқталды

14 Қыркүйек 2021, 20:14
3923
Бөлісу:
Аударспақтан жастар чемпионаты аяқталды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Аударыспақтан Қызылорда облысында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты аяқталды.

2000-2003 жылдары дүниеге келген жастар арасында жалауын желбіреткен бұл сайыс осымен XV рет өтіп отыр.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған сайыста 52, 57, 65, 72, 79, 85 және 85 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Сонымен жеңімпаздар реті төмендегідей:

52 келі салмақта

ІІІ орын – Берік Оралды (Қарағанды облысы)

ІІІ орын – Қазыбай Айдарбеков (Маңғыстау облысы)

ІІ орын – Рамазан Сәлім (СҚО)

І орын – Жарас Алтынбек (Түркістан облысы)

57 келі салмақта

ІІІ орын – Нариман Әбіл (Павлодар облысы)

ІІІ орын – Әлішер Сәлімжанов (Ақтөбе облысы)

ІІ орын – Берік Қалболат (Қызылорда облысы)

І орын – Ермек Құралбай (Түркістан облысы)

65 келі салмақта

ІІІ орын – Жеңісбек Етрек (Маңғыстау облысы)

ІІІ орын – Ләтіпбек Алмат (Түркістан облысы)

ІІ орын – Абылай Тұрсынбаев (Ақтөбе облысы)

І орын – Диасқожа Мұзарап (Қызылорда облысы)

72 келі салмақта

ІІІ орын – Асланбек Төлегенов (БҚО)

ІІІ орын – Бекболат Төлеубай (Алматы қаласы)

ІІ орын – Бекарыс Тұрсынбаев (Ақтөбе облысы)

І орын – Дарын Өткелбай (Түркістан облысы)

79 келі салмақта

ІІІ орын – Ердәулет Матаев (Қарағанды облысы)

ІІІ орын – Азамат Қасымов (Алматы қаласы)

ІІ орын – Құрайыш Расул (Түркістан облысы)

І орын – Рамазан Ғалел (Ақтөбе облысы)

85 келі салмақта

ІІІ орын – Әбубәкір Бәубек (Маңғыстау облысы)

ІІІ орын – Мадияр Төлеген (Қарағанды облысы)

ІІ орын – Арыстанбек Бату (Ақтөбе облысы)

І орын – Ермұхамет Қанай (Түркістан облысы)

85 келіден жоғары салмақта

ІІІ орын – Алдияр Айданов (Ақмола облысы)

ІІІ орын – Қайнар Қосмағұлов (БҚО)

ІІ орын – Ғабит Ағабек (Түркістан облысы)

І орын – Виктор Тимофеев (СҚО)

Жарыстың бас төрешісі Жаныс Саев болды. Аударыспаққа Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары және Жамбыл мен Қостанай облыстарынан қатысушы болмады.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысында Ұлттық спорт түрлерінен жастар арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы