Бүгін кей облыста жел күшеюі мүмкін

28 Қаңтар 2019, 08:15
2238
Бөлісу:
Бүгін кей облыста жел күшеюі мүмкін

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек батыста, оңтүстік және шығыста тұрақсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с дейін болуы ықтимал.

Қостанай, Ақтөбе облыстараның кей жерінде бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с болып, Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болады.

Өзгелердің жаңалығы