"Ауа жетпей, көгеріп кеткен". Полицейлер 7 айлық нәрестені құтқаруға көмектесті

19 Маусым 2024, 15:51
992
Бөлісу:
"Ауа жетпей, көгеріп кеткен". Полицейлер 7 айлық нәрестені құтқаруға көмектесті
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында патрульдік полиция қызметкерлері 7 айлық нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс орталығының Әмір Темір көшесінде күнделікті қызметте жүрген сақшыларға егде жастағы жүргізуші келіп, немересіне дем жетпей жатқанын айтқан. 

Мұны естіген полицейлер бірден көмек қолын созды. Көлік ішінде ауа жетпей көгеріп жатқан шақалақ пен анасы отырған. 

Әріптесім Сламхан Серікбай екеуміздің жүгіріп жүргенімізді көрген тұрғындардың бірі өзінің дәрігер екенін айтып, қасымызға келе қалды. Абырой болғанда балаға алғашқы көмек көрсетіп үлгердік. Одан әрі анасымен бірге ауруханаға жылдам жеткіздік, - дейді полиция қызметкері Бауыржан Ілес. 

Атасы сақшыларға алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы