Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауа райының қолайсыздығына байланысты тағы екі автожол жабылды

23 Қазан 2023, 04:40
758
Бөлісу:

Ауа райының бұзылуынан тағы екі автожолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы QazAvtoJol компаниясы мәлімдеді.

Атап айтқанда, қар мен жол бойының көріну нашарлығына байланысты «Көкшетау – Рузаевка» күре жолының екі учаскесі жабылды. Бірінші учаске – Ақмола өңірінің шекарасынан Рузаевка ауылына дейін (СҚО территориясы). Екінші учаске – Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін (Ақмола облысының территориясы).

Бұған дейін бүгін кешкі сағат 20.00-ден бастап Ақмола облысында «Көкшетау – Атбасар» трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.

Сондай-ақ сағат 22.00-ден «Астана – Көкшетау» автожолында («Астана – Щучинск – Көкшетау») шектеу енгізу жоспарланып отырғаны айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы