Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады

29 Мамыр 2021, 06:31
1861
Бөлісу:
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Атап айтқанда, Атырау облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Сондай-ақ өте жоғары өрт қаупі болжанады. 

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай күтіледі, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, бұршақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. 

29-30 мамырда Қарағанды облысында желдің күші шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерде 15-20 м/с артады. Күндіз 30 мамырда жекелеген аумақтарда найзағай күтіледі. 

Күндіз 29-30, тәулік бойы 31 мамырда Жамбыл облысының кей жерінде найзағай, бұршақ болжанады. 29-31 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 29-31 мамырда 38 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Өзгелердің жаңалығы