Қызылорда облысында "Самара-Шымкент" республикалық автожолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚазАвтоЖол компаниясы таратқан мәліметке сүйенсек, шектеу ауа райының бұзылуына байланысты енгізілген.
5 желтоқсанда сағат 20:00-де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Самара-Шымкент" республикалық автожолының 1806-1911 шақырым аралығындағы (Қызылорда қ. - Бәйгеқұм ауылы) учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды сағат 22:00-де ашу жоспарланып отырғаны белгілі болды.