Ауа райына байланысты екі өңірде жолдар жабылды

16 Ақпан 2025, 19:02
263
Бөлісу:
Ауа райына байланысты екі өңірде жолдар жабылды
Фото: видеодан кадр

16 ақпан сағат 18:45-тен бастап ауа райының бұзылуына байланысты екі облыстағы республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысы:

"РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:

"РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

16 ақпан сағат 19:20-дан бастап Ақтөбе облысындағы  “Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау -РФ шекарасы” автожолының 14-337 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, уақытша жабылған жол учаскелерін 17 ақпан сағат 01:00-де ашу жоспарланған. Жол қозғалысына қайтысты қосымша ақпаратты тәуліктің кез келген уақытында 1403 байланыс орталығына хабарласып алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы