Ауа райына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды

27 Ақпан 2024, 08:04
3623
Бөлісу:
Ауа райына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

Синоптиктер 27 ақпанда екі өңірде күн райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райы бұзылады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтілуде.

Еске салайық, бұған дейін еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтілетіні туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы