Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

28 Тамыз 2019, 17:45
2284
Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер ертең еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, кей жерлерді шаңды дауыл болады деп болжайды

Қазгидрометтің мәліметінше, 29 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, жел солтүстік-батыстан, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Сондай-ақ, 29 тамызда Атырау облысында кей жерлерде найзағай, күндіз шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан соққан жел түнде кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 17-22 м/с күтіледі.

Атырау қаласында күндіз 29 тамызда шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда қаласында күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жететін күшті жел тұрады..

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Ал Орал қаласында 29 тамыз күні солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 29-30 тамызда оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, 31 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Көкшетау қаласында күндіз 29, тәулік бойы 30 тамызда найзағай күтіледі. Күндіз 30-31 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында да 29 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы