Ауа райына байланысты бірқатар облыста жол жабылды

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада&nbsp;бірқатар бағытқа жолдар жабылды. Бұл туралы&nbsp;QazAvtoJol ұлттық компаниясы мәлімдеді. </p> <br> </h4>

 2 Қаңтар 2020 2020, 09:59
2 Қаңтар 2020 2020, 09:59
2408

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бірқатар бағытқа жолдар жабылды. Бұл туралы QazAvtoJol ұлттық компаниясы мәлімдеді.

Мекеменің мәліметінше, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында боранға байланысты жол жабылған. 

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Петропавл (18-231 шақырымы), Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті (16-200 шақырымы), Екатеринбург – Алматы (1006-1247 шақырымы), Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау (51-102 шақырымы), Қызылорда – Павлодар (1135-1383 шақырымы), Өскемен – Шемонаиха (105-123 шақырымы) тасжолдары жабылды.

Көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған. Ал Өскемен - Ресей шекарасы (15-105 шақырымы) тасжолында тіркемесі бар ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылған.

Бұған дейін 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынғанбыз.

Наверх