2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

2 Қаңтар 2020, 09:06
2202
Бөлісу:
2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн райы тұрақсыз болады.

Синоптиктер Республиканың солтүстік жартысында қар жауады деп болжайды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғып, жел күшейеді. 

Ақмола облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдыққа жетіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа барады. 

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын соғып, желдің екпіні секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа жететін жел соғады. 

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні 25 м/с-қа жетеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы секундына15-20 метрге жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде кей жерлерде бұрқасын соғады. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде жел 18 м/с дейін күшейеді. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. 

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. 

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы