Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жасады.
27 қаңтарда Қостанай облысында кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетпек.
Ертең Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын болады. Кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с.
27 қантарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
27 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын сақталады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с сақталады.
Ертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде кей жерлерде көктайғақ. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетпек.