Ауа райы. Еліміздің бірнеше облысында жол жабылды

5 Ақпан 2021, 23:23
1575
Бөлісу:
Ауа райы. Еліміздің бірнеше облысында жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында жолдар жабылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

05.02.2021 ж. сағат 19:45-те Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты (көктайғақ) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа төмендегі автомобиль жолдарында шектеу енгізілді - делінген хабарламада.

1. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 917-995 шақырымында Жақсы ауылы мен Атбасар қаласының аралағындағы учаскеде.
2. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 232-260 шақырымында Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының аралығындағы учаскеде.
3. "Жезқазған-Петропавл" автожолының 552-540 шақырымында Сұрған мен Бұзылық ауылдарының аралығындағы учаскеде.
4. "Жақсы-Есіл-Бұзылық" автожолының 0-82 шақырымында Жақсы мен Бұзылық ауылдары аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа сағат 20.30-дан бастап шектеу енгізілді.
5. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 995-1114 шақырымында Атбасар қаласы мен Жалтыр станциясы аралығындағы учаскеде. 
6. "Көкшетау-Атбасар" автожолының 48-184 шақырымында  Атбасар қаласы мен Зеренді ауылының аралығындағы учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы