Ауа райы. Еліміздің бірнеше облысында күн салқындайды

12 Қыркүйек 2021, 22:21
1409
Бөлісу:
Ауа райы. Еліміздің бірнеше облысында күн салқындайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің бірнеше облысында үсік болады деп ескертті. Қазгидромет мәліметінше, 13 қыркүйекте күн салқындайды.

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде облыстың оңтүстік жартысында 2 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтанда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында күші секундына 15-20 метр болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады. Облыс көлемінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы