Ауа райы. Дауылды ескерту

8 Қыркүйек 2021, 20:47
1368
Бөлісу:
Ауа райы. Дауылды ескерту

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет қызметі еліміздің бірнеше облысында 9, 10 қыркүйек күндері ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

9 қыркүйек күні күндіз, 10 қыркүйек күні тәулік бойы Жамбыл облысының шығыс, оңтүстік-шығысында және таулы аудандарда найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. 9 қыркүйек күні күндіз, ал 10 қыркүйек күні тәулік бойы оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Соған қарамастан, өрт шығу қаупі өте жоғары болады.

9 қыркүйек күні түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Ал облыстың батыс аумағында өрт шығу қаупі өте жоғары болады.

9 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

9 қыркүйек күні күндіз Петропавл қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

9 қыркүйек күні күндіз Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт шығу қауіпі аса жоғары болады. 

Күндіз Түркістан қаласының солтүстік-шығысынан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 қыркүйек күні түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде облыстың шығысында, күндіз солтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

9 қыркүйек күні түнде және таңертең Көкшетау қаласында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15 м/с болады.

9 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан жел 10-11 қыркүйекте солтүстік-батыстан, батыстан соғады. Желдің күші облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с дейін жетеді. Өрт шығу қаупі аса жоғары.

9 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында нөсер жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Өзгелердің жаңалығы