«Қазгидромет» РМК мамандары сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атмосфералық фронт әсерінен республиканың батыс, оңтүстік-батысында жаңбыр жауады.
Маңғыстау облысында күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауады.
Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.
Алматы облысында жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Қазақстан бойынша жел күшейеді.
Республиканың батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысында – найзағай, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарында – бұршақ, солтүстігінде және шығысында – тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысында, Алматы облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік сақталады.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында 2 градусқа дейін үсік жүреді.