Ауа райы: бүгін Қарағанды, Қостанай облыстарында үсік жүреді

6 Қыркүйек 2020, 02:47
1462
Бөлісу:
Ауа райы: бүгін Қарағанды, Қостанай облыстарында үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша, жексенбі күні елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысында шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Түркістан, күндіз Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде найзағай ойнайды, жел 15-23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жеріне тұман түсіп, күндіз найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жеріне тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды және Қостанай облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Атырау, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерінде, Түркістан облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы