Aстана, baq.kz. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, жұма күні ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түсіп, жел күшейеді.
Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түсуі мүмкін.
Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Aтырау облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Aқмола, Aқтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.