Астана, baq.kz. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады, содан жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерінде көктайғақ болып, жекелеген аудандарда жел күшеюі мүмкін.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.