Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

21 Наурыз 2021, 09:19
866
Бөлісу:
Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болып, екпінді жел соғады.

Солтүстік-батыста жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің кей жерінде тұман, көктайғақ, оңтүстікте және оңтүстік-батыста найзағай болжанады.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында желдің күші кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары артуы мүмкін. Жолдарда көктайғақ, кей жерде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болжанады. Ақмола, Қостанай облыстарында түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ күтіледі. 

Қарағанды, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с артады. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, Түркістан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болжанады. Желдің күші - 18 м/с. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы