Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауа райы болжамы: Бүгін қар, көктайғақ, тұман болады

16 Желтоқсан 2022, 13:15
1254
Бөлісу:

Бүгін елдің басым бөлігінде қар, көктайғақ, тұман болуы ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК жасаған болжамға сәйкес, республика аумағының бірқатар өңіріне моңғол антициклоны әсер етіп отыр. Сол себепті жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Тек қиыр батыста және елдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен аздаған қар, батыста көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы