Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

1 Шілде 2020, 12:50
1744
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігін жаулаған Оңтүстік-Каспий циклоны кезең ішінде солтүстік-шығысқа қарай ығысатын болады. Бұл циклонның атмосфералық фронттары найзағаймен және екпінді желмен жаңбыр әкеледі. Жеке аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Температуралық фон түнде 8…18 дейін, күндіз 18…28 аралығында жылы болады. Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында жоғарғы қысым аясында болады. Мұнда жауын-шашынсыз ауа райы және температураның түнде 13…22 дейін, күндіз 30…38 жылыға дейін жоғарылауы мүмкін - дейді синоптиктер.

Өзгелердің жаңалығы