11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

11 Ақпан 2019, 08:15
2342
Бөлісу:
11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым облыстарының кей жерінде қар жауады.

Батыс және орталық Қазақстанда жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-22 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын,  Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда,  Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы