Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанда базарда жарылыс болып, салдарынан 15 адам жарақат алып, 10 адам қаза тапқан, деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, жарылыс Ауғанстанның оңтүстігінде Гильменд провинциясында болған.
Бұл жарылысқа "Талибан" қозғалысының қатысы бар екенін айтылады. Сангин ауданында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылған делінеді.
Айлада қозғалыс өкілі Забиулла Мұджахид мұны жоққа шығарып отыр.