Атыраулық жасөспірім “жоғалып кеттім” деп жалған хабарлама берген

30 Тамыз 2022, 19:42
933
Бөлісу:
Атыраулық жасөспірім “жоғалып кеттім” деп жалған хабарлама берген

Атырауда “қамыс арасында жоғалып кеттім” деп жалған хабарлама берген жасөспірім анықталды, BAQ.KZ деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау қаласының 16 жастағы тұрғыны өзінің қамыс арасында жоғалып кеткені туралы хабарлама берген. Хабарласқан телефон нөмірінің өшірулі тұруына байланысты жоғалған адамды іздеу бойынша дереу Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полицейлер жұмылдырылды. 

Кейін хабарлама жалған екендігі анықталып, іздеу жұмыстары тоқтатылды. Құзырлы органдарға жалған хабарлама берген жасөспірім мен ата-анасы Атырау қалалық Полиция басқармасына жеткізілді.

Жасөспірімнің анасына ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылып, 84 мың теңге айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы