Атыраулық каратэшілер Астраханьда 60 медаль жеңіп алды

29 Қыркүйек 2024, 02:14
371
Бөлісу:
Атыраулық каратэшілер Астраханьда 60 медаль жеңіп алды
Фото: скрин

22 қыркүйекте Астрахань қаласында каратэден біліктілік турнирі өтті, оған Шешенстан, Дағыстан, Краснодар, сондай-ақ Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің өңірдің спортшылары тамаша нәтиже көрсетіп, бір командалық орынды жеңіп алды.

Турнир нәтижесінде атыраулық спортшылар 21 алтын, 18 күміс және 21 қола медаль жеңіп алды. Спортшыларды Таңат Нұрымов, Мұрат Жолдасов, Андрей Котов, Александр Грузинцев, Рүстем Байбосынов, Ақылбек Садырбеков, Данияр Есенғұлов, Мұстафа Сағындықов және Данияр Гилманов дайындады, - деп жазылған Ақжайық.кз-тің мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы