Атыраулық блогер кәсіпкерден 2 млн теңге ақша бопсалаған

23 Ақпан 2024, 13:46
1464
Бөлісу:
Атыраулық блогер кәсіпкерден 2 млн теңге ақша бопсалаған
VIDEO
Фото: pixabay.com

Атырауда полиция кәсіпкерден 2 млн теңге ақша бопсалаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, 26 жасар блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен. 

Азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып шу шығарған. Видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңге тауардың ақысын төлемеген. 

Сондай-ақ ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге қаражат ұрлаған. Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе куә болсаңыз 98-22-05 және 102 арнасына хабарлауыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы