Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17-19 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының жүзу бойынша Паралимпиада ойындарында Атырау командасы 7 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ел біріншілігінде Параазиялық ойындардың жеңімпазы Ержан Сәлімгереевке тең келер ешкім болмай, спортшы үш алтын медальді қатар еншіледі. Ол баттерфляй стилінде жүзуден 50 метр қашықтықта үздік атанды. Сонымен қатар, ол 50 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде қарсыластарынан оқ бойы алға шықты.
Параазиялық ойындарының тағы бір жеңімпазы Дмитрий Ли 100-ден 400 метрге дейін еркін стильде жүзуден жеңіске жетіп, 100 метр қашықтықта шалқамен жүзуде үздік атанды.
Әділет Құрманғалиев болса, 50 метрге баттерфляй стилімен жүзуде және 100 метрқашықтықта шалқамен жүзуден күміс медальге ие болды.