Атыраулық дәрігерлер 45 миллионға жуық үстемеақы алды

24 Сәуір 2020, 20:50
1577
Бөлісу:
Атыраулық дәрігерлер 45 миллионға жуық үстемеақы алды
Президенттік қолдау

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Қауіпті вируспен күресіп жатқан атыраулық денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне  288,7 млн теңге қаржы бөлінген. 

Оның 44,5 млн теңгесін  ақ халаттылар алып үлгерген. Сондай ақ, облыстық денсаулық сақтау саласы басшыларының сөзінше науқасатарға ем жүргізіп жатқан дәрігерлер барлық қорғаушы киімдермен және құралдармен толық қамтылған. Қазір Атырауда 35 адам қауіпті инфекциядан емделіп, үй карантиніне шығарылды.  50-ге жуық  науқас  инфекциялық ауруханада емдерін  жалғастырып жатыр.

Науқастардығ барлығы медициналық қызметкерлердің күні-түні бақылауында. Өкінішке орай, олардың ішінде 2 адам орташа жағдайда, 1 адам ауыл халде жасанды желдету аппаратымен ем алып жатыр.Өзге науқастардың жағдайы қанағаттаннарлық. Қазір облыста медициналық қызмектерлердің қорғаушы киімдері, құралдары  жеткілікті,-дейді  Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Танбаева.

Атырау облыстық аурухананың бас дәрігерінің айтуынша осыдан екі апта бұрын  індет ошағы ретінде карантинге жабылған облыстық аурухана ашылып, өз жұмысын бастады. Өйткені, аймақта облыс тұрғындарын емдейтін көп бейімді медициналық мекеме жоқ. Сөзінше хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық бөлімдер  24 сағат бойы қызмет көрсетеді.

Қазір облыстық аурухана да 180 қызметкер өз жұмысын бастады. Қырыққа жуық  науқас келіп, ем алып жатыр. Оған қоса аурухана ішінен инфекцияның алдын алу мақсатында 60 орындық провизорлық стационар аштық,-дейді  Атырау облыстық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы  Бауыржан Ахметқалиев.

 Төтенше жағдайға қарамастан қаладағы емханалар жұмысы үздіксіз қызмет етіп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау саласы басшыларының айтуынша,  қазір емдеу-сауықтыру мекемелері мен емхана қызметкерлеріне көп күш  түсіп жатыр.

Атырауда алғашқы науқас тіркелгеннен бастап, емхана мамандарының жауапкершілігі күшейдіі. Олар санитарлық қызметкерлермен бірге, вирус жұқтырған науқастардың мекен-жайларын, қарым-қатынаста болған адамдарды анықтауда, тест сынамаларын зертханаларға жіберу секілді жұмыстарды жасап жатыр. Кезекшілікпен блок бекеттерде бақылау жұмыстарын жасайды. Одан бөлек учаскелер бойынша еңбектеген баладан еңкейген қарттардың денсаулығын бақылап отырады,-дейді  Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Танбаева.

Сонымен қатар Атырауда 3 полиция қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталған. Дәрігерлердің мәліметінше, олармен жақын байланыста болған 18 адам карантиндік стационарга жатқызылған.
Өзгелердің жаңалығы