Атырауға жаңа әкім тағайындалатыны туралы жалған ақпарат тарады

5 Шілде 2021, 18:37
2501
Бөлісу:
Атырауға жаңа әкім тағайындалатыны туралы жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы күндері Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалатыны туралы ақпарат тарап жатыр.

Әлеуметтік желіде «Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновті Атырау қаласының әкімі етіп тағайындау күтілуде» деген ақпарат желдеу ескен.

Алайда бүгін облыс әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Атырау қаланың басшылығында кадрлық өзгеріс жасау облыс әкімдігінің жоспарында жоқ, - деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы