Атырауға Оңтүстік Кореядан автошерушілер келді

5 Қыркүйек 2022, 19:30
1057
Бөлісу:
Атырауға Оңтүстік Кореядан автошерушілер келді

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығы аясында автошерушілер Атырауға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі халық арасындағы достық пен бейбітшілікті насихаттау үшін 32 мың шақырымды артқа тастап, Ресей, Испания, Түркия, Грузия елдерінде болған автошерушілер бүгін Қазақстанға табан тіреді.

Автошеруді осыдан төрт ай бұрын бастадық. Корей елінен 7 көлікпен шықтық. Мақсатымыз – 41 000 шақырым жүріп өтіп, елдерді тамашалау. Бүгін Бейнеуге жетіп, кейін Алматы сыңды қалаларды жүріп өтпекпіз. Сосын Өзбекстанға бару жоспарда бар. Қазақстан халқы бізді жылы қарсы алды, - деді автошеру көшбасшысының орынбасары Пак Чжун Гон.

Сондай-ақ Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында Корей елінен келген өкілдер БАҚ саласының қызметкелерінің сұрақтарына жауап беріп, қазақстандықтардың қонақжайлылығына алғыстарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы