Қалалық коммуналдық қызметтердің қарамағына 15 жаңа вакуум-машина келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылға арналған жоспарға 20 бірлік вакуум-машина сатып алуға бюджеттік өтінім салынған.
![Атыраудың коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникамен толықтырылды](/userfiles/images/8fea5ce6-67ea-4576-b5c2-7966affd7241.jpg)
Оның ішінде бүгін Атырауға 15 бірлік келіп, тағы бесеуі мамыр айының соңына дейін жеткізіледі. Ассенизациялық машиналардың сыйымдылығы-10 тонна. Бүгінгі таңда жаңа арнайы техника "Спецавтобаза" ЖШС автопаркіне жеткізілді. Вакуумдарға мемлекеттік нөмірлер алынып, техпаспорт пен сақтандыру рәсімделгеннен кейін вакуумдық машиналар тасқын суларды айдау жұмыстарына тартылатын болады,-деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.