Атыраудың білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

20 Шілде 2023, 05:38
642
Бөлісу:
Атыраудың білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысы әкімінің өкімімен білім беру басқармасы басшысының лауазымына Ерлан СЛАМБЕКОВ тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлан Сламбеков 1983 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Ол Түркияның Селжук университетінде «тарих» мамандығын тәмәмдаған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогика университетінің тарих магистрі, Еуразия ұлттық университетінің «педагогика және психология» мамандығы бойынша PhD докторанты. АҚШ-та Mindsteps TM және ASCD, Ұлыбританияның North London Grammar School-да, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларындағы білім беру орталықтарында тағылымдамадан өткен. Түрлі жылдары А.Мәлкеев ат. Есік қазақ-түрік жасөспірімдерге арналған лицей-интернатында тарих пәні мұғалімі, Ақтөбе облысы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты директордың орынбасары, Қостанай облысында «Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты» директорының орынбасары, Сулейман Демирел атындағы колледжде директордың орынбасары, «БҚО дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында» директордың орынбасары, Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында директордың орынбасары, «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры, Астана қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры, Жамбыл облысының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры қызметтерін атқарды.

2023 жылдың мамыр айынан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының» директорының орынбасары қызметінде болды.

Өзгелердің жаңалығы