Атыраудың бас полицейі қоғамдық қабылдау өткізді

11 Ақпан 2022, 11:49
1295
Бөлісу:
Атыраудың бас полицейі қоғамдық қабылдау өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев өткізген қоғамдық қабылдауда тұрғындар қылмыстық істердің тергелуіне қатысты сауалдарын жеткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығы жекеленген әр фактіге қатысты нақты тапсырмаларды орынбасарларына жүктеп, жеке бақылауында болатынын айтты.  

Бірінші басшылардың қоғамдық қабылдауы әр апта сайын жүргізіледі. Мақсат – полицияның ашықтығы мен қолжетімділігін және “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын жүзеге асыру. Азаматтар өз сауалдарын жеткізу үшін алдын-ала уақыт белгілеп жазылуы қажет, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев. 

 

Өзгелердің жаңалығы